Бесқарағай ауданында орташа жол жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр
Аудан орталығындағы үлкен көшелердің бірі – Молдажанов көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жалғасуда. Қазір қиыршық тас пен инертті материалдарды төсеу жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар, су ағызатын арнайы құбырлар орнатылды.
Құрылыс жұмыстарын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.
«Бұл мәселені 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында аудан әкімінің қатысуымен өткен жиында көтерген едік. Берілген уәде орындалып, жол салынуда. Көше тұрғындары жолдың сапасын қадағалап, құрылыс барысын бақылауымызда ұстаймыз. Жол сапалы әрі стандартқа сай салынып жатыр», - дейді тұрғын Назымгүл Амангелдіқызы.
«Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл Бесқарағай ауылында жалпы ұзындығы 2,5 шақырымды құрайтын екі көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -