Биыл 40-тан астам ақмолалық мектеп күрделі жөндеуден өтуде
Бүгінгі күні облыста жаңа оқу жылына дайындық белсенді жүргізілуде. Дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі білім беру ұйымдарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Білім басқармасының өкілдері, аудан әкімдерінің орынбасарлары, мердігерлер кеңесінде білім беру нысандарын жөндеу жұмыстары қаншалықты сапалы жүріп жатқандығы талқыланды.
Бүгінгі таңда барлық нысандар бойынша конкурстық рәсімдер өткізіліп, мердігерлік ұйымдар анықталды әрі кестеге сәйкес жұмыс жүргізілуде.
Айта кетейік, 42 мектепке күрделі жөндеу жүргізуге 7,9 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде 20 объектіге арналған "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы бойынша 2,9 млрд. теңге.
42 нысанның 6 жұмысы аяқталды. 36 білім беру нысаны бойынша жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Кеңесте жұмыстарды орындау мерзімдері қозғалды, бірқатар объектілер бойынша жұмыстардың қарқыны әлсіз екендігі байқалды.
"Бүгінгі таңда жағдай қуанарлықтай емес. Сұраныс ерекше болатынын ескертеміз. Мердігерлерге айтарым: бұл әлеуметтік нысандар! Нысан қабырғасында біздің балаларымыз оқиды. Жұмысты сапалы және уақытылы орындау қажет!" - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова.
Облыс әкімінің орынбасары, сондай-ақ, конкурстардың қорытындысы бойынша бірнеше нысанды жөндейтін мердігерлерге бақылауды күшейтуді тапсырды. Оған қоса, авторлық және техникалық қадағалау, жұртшылық өкілдері тарапынан жөндеу барысын бақылауға назар аударды.
Жұмыстарды орындау мерзімдерін бұзғаны үшін жауапты мемлекеттік органдардың басшылығы мен мердігерлерге қатаң шаралар қабылданатын болады.
Сонымен қатар, облыстың 485 мектебінде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуда, жөндеуге 826,4 млн. теңге бөлінді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -