Биыл Ақтөбеде 12 проблемалық тұрғын үйдің құрылысы аяқталады: Ақтөбе облысы, 16 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Биыл Ақтөбеде 12 проблемалық тұрғын үйдің құрылысы аяқталады

Бүгін облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында Ақтөбе қаласындағы және бірқатар аудандағы құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлердің мәселесі талқыланды.

Отырысқа мемлекеттік органдардың, құрылыс компанияларының, жобалау ұйымдарының басшылары қатысты.

«Қазіргі таңда облыстағы өзекті мәселелердің бірі — әртүрлі себептермен уақытылы пайдалануға берілмеген әлеуметтік нысандар. Сондай-ақ үлескерлер мәселесі де басты назарда. Бүгінде қаражатын салып, баспана ала алмай жүрген қаншама адам бар. Олардың жанайқайын естіп отырмыз. Біздің ендігі мақсат — осы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің құрылысын жеделдету, мерзімінде  пайдалануға беру. Бұл жобаларды барынша бақылауға алып, құрылыстардың кешіктірілу себептерін анықтап, проблеманы шешуіміз керек», — деді облыс әкімі.

Жиында баяндама жасаған «Ақтөбе құрылыс компаниясы» ЖШС директоры Нағымжан Алдияров бүгінде үлескерлер қаржы салып, құрылысы аяқталмай қалған онға жуық жобаға тоқталды. Олардың қатарында «ҚазЭкоСтройАқтөбе» ЖШС, «Aktobe Rom Group» ЖШС, «Жилище» ТҚК, «Fust and shine» ЖШС, «Safina.kz» ТК, «Алаш орда-1» ТҚК, «Каспий Групп» ЖШС, т.б. бар. Бұл компаниялар қолға алған жобалардың дені қазір тоқтап тұр. Себебі тергеу-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ал «ҚазЭкоСтройАқтөбе» ЖШС кезінде мойнына алған 6 тұрғын үй 2024-2025 жылдары пайдалануға беріледі. Қазір бұл үйлердің құрылысын жаңа инвестор — «Qazaq Prom Stroi» ЖШС жүргізіп жатыр. Сол сияқты «Экслюзив» тұрғын үй кешені де биыл жыл аяғында қолданысқа берілмек. Бұл үйді инвестор «Rakhmet Construction Group» ЖШС салуда.

«Биыл облыс орталығындағы үлескерлердің мәселесін шешу мақсатында жалпы саны 450 пәтерлік 12 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Үлескерлер бұл үйлердегі 182 пәтерге қаржы салған. Сондай-ақ біз үш құрылыс компаниясына түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Бұл компаниялардың үстінен де іс қаралып жатыр. Себебі құрылысты жүргізгенде заңбұзушылықтарға жол берген. Тұрғындар бұл үйлерге де қаржыларын салған», — деген Нағымжан Алдияров алдағы уақытта заң жүзінде барлық нысандар бойынша сот шешімі шыққаннан кейін бұл үйлер серіктестіктің балансына берілетінін, содан кейін инвесторлар тарту мәселесі шеңберінде жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Айта кету керек, кейбір құрылыс компаниялары 5 және 7 қабатты үйлердің орнына 6 және 8 қабатты үйлер салу арқылы жобадан ауытқып кеткен.

Облыс әкімі серіктестік басшысына құрылысты жобаға сәйкес, сот шешімінен кейін бұл бағытта жеделдетіп жұмыс жүргізуді тапсырды.

Жиынды қорытындылаған Асхат Шахаров облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшыларына проблемалық нысандардың мәселесін шешу бойынша жүйелі жұмыс жүргізу керектігін қадап айтты.

Ақпарат көзі: ГУ «Акимат Актюбинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар