Биыл жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 204 грант беру жоспарлануда
Өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асыру шеңберінде Абай облысында 15 177 жұмыс орны құрылды, бұл есепті кезең жоспарының 91,9% құрайды.
Субсидияланатын (уақытша) жұмыс орындарында 5 789 адам жұмысқа орналастырылды, бұл есепті кезеңнің жоспарынан 107,8%-ға артық болса, жылдық жоспардың 98,6%-ын құрайды. Міндетті зейнетақы жарналары – 89,2%. Бос жұмыс орындарына 4 492 адам жұмысқа орналастырылды.
«Жұмысқа орналастыру, міндетті зейнетақы жарналарымен қамтамасыз ету және гранттар мен несиелерді беру жөніндегі жоспарлардың орындалуына бақылауды күшейту қажет. Көрсеткіштер төмен болмауы керек, келіссөздер жүргізіп, халықты барынша ақпараттандыруға тиіспіз», - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Биыл жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға 204 грант беру жоспарлануда. Бірінші ағында 449 өтінімнен 102 грант берілді. Осы айда гранттарға 302 өтінім берілді, комиссия оларды 30 шілдеден бастап қарастыра бастады. Бизнес-жобаларды әділ бағалап, комиссия отырыстарын бақылауды қамтамасыз ету ұсынылды.
Сонымен қатар, 2024 жылы жастар үшін 2,5% сыйақымен 1,1 млрд теңге сомасына 220 кредит беру жоспарлануда. «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 264 шағын несиеге 1 056,0 млн теңге қарастырылған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -