Биыл Жетісу облысында 2 млн. тонна ауыл шаруашылығы өнімін жинау жоспарлануда
Биыл Жетісу облысында жоспар бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 584 млрд. теңгеден асады. Саланы қолдауға осы жылы 34,9 млрд. теңге бөлінді, оның 23,2 млрд. теңгесі
–
субсидия. Мемлекеттік қолдау шаралары 2,5 мыңға жуық субъектіге көрсетілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 524,8 мың гектарға жетті. 432,5 мың га жаздық дақыл, оның ішінде дәнді дақылдар – 309,3 мың га, майлы дақылдар – 90,4 мың га, қант қызылшасы – 12,6 мың га, картоп – 10,9 мың га, көкөністер мен бақша дақылдары 9,3 мың га егілді.
Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,2%-ға ұлғайып, 57,8 млрд.теңгені құрады. Жалпы 2024 жылы Жетісу облысында 2 млн.тонна ауыл шаруашылығы өнімін жинау жоспарлануда, ал жалпы өнім көлемін 584,4 млрд. теңгеге дейін жеткізу көзделіп отыр.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотографтар: Дмитрий Ерофеев, Жеңіс Ысқабай
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -