Бизнес мәселелері бойынша кезекті қабылдау өтті
Кәсіпкер Рахметхан Жуанышев қалалық спорт зал құрылысына қаражат салу бастамасын көтеріп отыр. Жауапты бөлімдерге оған жер учаскесін рәсімдеу мәселелеріне қатысты кеңес беру тапсырылды.Таксопарк басшысы Марат Рахымжанов қаламызда такси-электромобиль енгізу идеясымен бөлісіп, жалпыға ортақ электрлік жанармай құю орындарын ұйымдастыру жағынан көмек көрсетуді сұрады. Электромобильдердің саны арта беретіні анық және бұл жоба олар үшін инфрақұрылымды дамытудағы біздің тырнақ алды бастамамызға айналуы мүмкін.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -