Бородулиха ауданында 8,5 мың гектар алқаптан шөп жинау жоспарлануда
Ауданда 4,22 мың гектар алқапқа біржылдық және көпжылдық шөп егілген. Бүгінде «Семей орманы» мемлекеттік орман шаруашылығының шабындықтарын қоса есептегенде 46,2 мың гектар аумақта шөп шабу жұмыстары жүргізілуде. 8,5 мың гектар алқаптан пішен жинау жоспарланып отыр.
Ауданның берген мәліметтеріне сәйкес, қазірде 7 405 тонна шөп дайындалған. Бұл жоспарланған көлемнің 10,5 пайызын құрайды. Салмағы 10-16 келі болатын бір түк (тюк) шөптің орташа бағасы 700 теңге, 200-300 келі орамның құны – 10 мың теңге. Ал орамсыз шөптің тоннасы 35 мың теңге тұрады.
Алдағы қыс маусымында мал азығын қамтамасыз ету үшін 70 мың тонна шөп жинау жоспарланған. Одан бөлек, 8500 тонна пішендеме, 13 мың тонна сүрлем, 30 мың тонна сабан және 6 мың тонна концентратты жем дайындау көзделген. Бұл 39 мың бас малды қыстық азықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -