Бородулиха ауданында су құбыры желілерінің құрылысы жүргізілуде
Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков Бородулиха ауданына жұмыс сапарымен барып, нысандарды аралап көрді.
Бородулиха-Поллог тас жолын орташа жөндеу жұмыстары аясында қалыңдығы 10 см-ге дейін, жалпы ұзындығы 5,5 шақырымды құрайтын асфальт төсеу жоспарлануда. Қазіргі таңда аталған бағыттағы жолдың тағы 8 шақырымына орташа жөндеу бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Нәтижесінде ағымдағы жылы Бородулиха-Поллог тас жолының 13,5 шақырымы жөнделеді.
Бородулиха ауданы тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін Успенка ауылында медициналық пункт, Жаңа Шүлбі ауылында дәрігерлік амбулатория салынуда. Сонымен қатар, инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде. Енді емдеу мекемелерін барлық қажетті құрал-жабдықтармен және жиһаздармен жабдықтау жоспарлануда.
Жаңа Шүлбі кентінде жалпы қуаттылығы сағатына 1,52 Гкал болатын блокті-модульді қазандық құрылысының жұмыстары жүргізіліп, 1 шақырымнан асатын жылу желілері тартылуда. Қазандық пен жылу желілері пайдалануға берілгеннен кейін Комаров атындағы орта мектеп, Мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, Жаңа Шүлбі ауылдық әкімдігі, балаларды арнайы әлеуметтік қолдау орталығы ғимараттары орталықтандырылған жылумен қамтылады.
Жарбұлақ ауылы мен Ключики – Уба – Форпост тас жолдарындағы су өткізгіш құбырларды қайта жаңарту көктемде еріген қар суының кедергісіз ағуына жағдай жасайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -