Бородулиха ауданында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда
Бородулиха ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық жұмыстар әлі де жалғасуда.
2024 жылдың сәуір айында ел көлемінде бастау алған республикалық акция бородулихалықтар тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Нәтижесінде ауданда аумақтарды қоқыстан тазарту, саябақтар, балалар алаңдарын, су қоймаларын абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Көктемде түрлі ағаш көшеттері мен гүлдер отырғызылған еді.
Акцияға қатысу қарқыны әлі де баяулаған жоқ. Күніне қарапайым тұрғындар, жастар мен мекеме, ұжым қызметкерлерін қосқанда 200-ге жуық адам қатысады. Акция барысында 4200 тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды. 2660 аула тазаланып, 1500 түп ағаш пен 20850 бұта отырғызылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -