Облыс әкімі көпқабатты тұрғын үйлерді салу кезінде нормативтерді қатаң сақтауды тапсырды
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесті. Кездесудің негізі мақсаты - жоспарланған немесе салынып жатқан барлық құрылыс нысандарының бекітілген жобаға сәйкес, тиісті рұқсат құжаттарының заң талаптарына сай болуына назар аудару.
Көптеген ескертулерге қарамастан, көпқабатты үйлердің заңсыз құрылысы жалғасуда. Құрылыс техникалық және авторлық қадағалаудың тиісті бақылауынсыз, мемлекеттік сараптама жобаларынан өтпей жүргізілуде. Тұрғын үйлер қажетті коммуникацияларға қосылуға жалған жасалған техникалық шарттармен салынған. Бұл тек заңды бұзу ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Қазіргі жағдай тиісті шараларды қабылдауға мәжбүр етеді. Сондықтан құқық қорғау органдарын, депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелерін тарта отырып комиссия құруды тапсырамын. Облыс орталығындағы заңсыз құрылысты тоқтату қажет. ",- деді аймақ басшысы.
Облыстық бақылау басқармасының талдауына сүйенсек, құрылыс жүріп жатқан 42 нысанның 19-ында жобалық құжаттамасы бұзылғандығы анықталды. 7 нысанды бөлшектеуге қатысты сот шешімі шығарылып, 4 ғимарат жобаға сәйкестендірілуі тиіс.
Семейде жылу беру маусымының басталуына қарамастан кейбір нысандарды жылу жүйесіне қосу әлі де өзекті. Қаланы жылумен «Теплокоммунэнерго» МКК қамтамасыз етеді. Ол 22 жылу көзіне, оның ішінде ЖЭО-1 мен 21 қазандыққа қызмет көрсетеді. Дегенмен, жаңадан салынған кейбір ғимараттар техникалық шарттарға байланысты жылусыз қалуда.
Дәл осындай мәселемен 35-ші кварталдағы №16 мекенжайындағы көпқабатты үйдің тұрғындары бетпе-бет келді. Мердігер «Билдинг Сервис Со» ЖШС жылу жүйесіне қосылу үшін техникалық шарттарды орындамаған. Осыған қарамастан, мердігер бекіткіш арматурадағы пломбаны бұзып, ғимаратты жылуға өз еркімен қосты. Осы фактіні негізге ала отырып «Теплокоммунэнерго» құрылыс өкілінің әрекетіне құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына өтініш берді. Соған қарамастан қала әкімі тұрғындарды жылусыз қалдырмас үшін үйдегі жылуды өшірмеуді тапсырды.
Осындай жағдай Найманбаев кқшесіндегі 196 мекенжайындағы үйге де қатысты. Мердігер жылуды арттыру үшін техникалық шарттарды орындамай, қолданыстағы үйге қосымша құрылыс жүргізген. Қазандық қуатының жетіспеушілігіне байланысты үйді жылуға қосу мүмкін емес.
Құқық бұзушылықтың тағы бірі Гоголь көшесі 95 мекенжайында орналасқан «Тоқтамыс» ЖШС емдеу мекемесіне қатысты. Жылумен қамту шартының барлығына қарамастан, мердігер жылу аумағын ұлғайту үшін қажетті техникалық шарттарсыз қосымша ғимарат тұрғызған.
Кездесу барысында облыс әкімі орынбасары Димитрий Гариковке рұқсат беру құжаттамалары мен жобалау нормаларының сақталуына қатысты барлық мәселелерді ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -