Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары
Шымкент қаласының ТЖД бастығының орынбасары Еркін Отарғалымұлының қатысуымен «Жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында баспасөз брифингі өтті.
2024 жылдың 9 айында қала аумағында 243 өрт тіркелді, өрттің өсуі 63% құрады. Ең көп өрт тұрғын үй секторында тіркелді – 129 бұл 68%.
Өрт салдарынан 2 адам қаза тапты, 8 адам жарақат алды. Бұл ретте өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде улы газбен улану салдарынан 4 адам қаза тапты.
Жылыту маусымында «Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі», «Жылыту пештерін қысқы кезеңге дайындау» және «Адамдардың улы газбен уланудың алдын алу» акциялары бойынша күнделікті үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жылыту маусымының алдында қала аумағында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өткізілді.
Мұндай жағдайларға жол бермеу мақсатында департамент Өрт қауіпсіздігі бойынша кезең-кезеңмен үгіт-насихат жұмыстарын жоспарланды. Бірінші кезең халықтың әлеуметтік осал топтарының 2222 отбасының тұрғын үйлерінде үгіт-насихат іс-шараларын өткізуді қамтиды. Екінші кезең – газ баллондарындарды пайдаланатын 22 жатақханада үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу. Үшінші кезең-қатты көмірмен жылытылатын 13 мыңнан астам үйде іс-шаралар өткізу.
Бұл ретте, Департамент тарапынан халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын есепке алынған 2222 отбасыдағы 8714 адамды қамти отырып, кезең-кезеңімен үгіт-насихат іс-шараларын жүргізді. Қазіргі уақытта осы отбасылардың тұрғын үйлерін қайта аралау жұмыстары жүргізілуде. 7 мыңнан астам адамды қамти отырып, қатты көмірмен жылытылатын 3812 үйді аралау жүргізілді. Газ баллондарын пайдаланатын 22 жатақхананың тұрғындарына жадынамалар таратылды.
Газ талдағыштар орнатылып, халықтың әлеуметтік осал топтары отбасыларының 80-нен астам үйінде мұржаларды тазарту жұмыстары жүргізілді.
Баспасөз брифингінде спикер жылыту кезеңін қауіпсіз өткізуге мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныстарды айтып өтті. Олар:
жылыту маусымы басталар алдында және жылу беру маусымы барысында түтін құбырларын, түтін мұржаларын және жылыту пештері мен жүйелерінің басқа элементтерін күйеден кемінде үш айда бір рет тазалау;
электр сымдарына тексеру жүргізу, тозған және уақытша схема бойынша жүргізілген электр сымдарын ауыстыру жөнінде шаралар қабылдау;
электр желілерін шамадан тыс жүктемеу. Үй-жайды жылыту үшін қолдан жасалыңған стандартты емес электр жылыту құралдарын пайдаланбау;
пештерді қатты қыздырмау, жанғыш материалдарды, киімдерді жанып жатқан пештің үстінде кептірмеу;
аула аумағын құрғақ шөптен және жанғыш қоқыстардан тазарту, күл жинау үшін қауіпсіз орынды алдын ала анықтау;
балаларды үйде ересектердің қарауынсыз қалдырмау.
Өрт немесе төтенше жағдай орын алған жағдайда – 101, 112 байланыс нөміріне хабарласыңыз.
Шымкент қаласы ТЖД
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -