Бурабай ауданында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жайлылығы жоғары пәтерлер сатып алынады
Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бурабай ауданына жұмыс сапары аясында Щучинск қаласындағы «Алтын», «Тұмар» тұрғын үй кешендерін аралап көрді, онда халықтың әлеуметтік осал топтарынан азаматтар үшін 40 пәтер сатып алу жоспарлануда.
«TASU COMPANY» ЖШС директоры Хасан Мусхажиевтің айтуынша, үй құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде. Пәтерлер таза әрленіп тапсырылады және барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Кездесу барысында өңір басшысы құрылыс компаниясы өкілдерінің назарын тұрғын үй құрылысының сапасына аударды.
«Сатып алынатын пәтерлер көп балалы отбасыларға, жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін болады, сондықтан пәтерлер жоғары жайлылықтың барлық қажетті стандарттарына сәйкес келуі қажет»,- деді М.Ахметжанов.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -