«БЖЗҚ» АҚ "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасының қатысушыларына шамамен 3,4 млн АҚШ долларын аударды: Қарағанды ​​облысы, 12 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасының қатысушыларына шамамен 3,4 млн АҚШ долларын аударды

«БЖЗҚ» АҚ

«БЖЗҚ» АҚ-ға (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарды пайдалануға өтініш беру жалғасын табуда.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор) инвестициялық кірісінің 50% Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін барлық жастағы балаларға жыл сайын, олар кәмелетке толғанға дейін теңдей бөлінеді. Алғашқы нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар БЖЗҚ-дағы шоттарға 2024 жылғы қаңтарда түсті. 18 жасқа толғаннан кейін жастар нысаналы жинақтарын тұрғын үй және/немесе білім беру ақысын төлеу үшін пайдалана алады. Ол үшін нысаналы жинақтарды пайдалану бойынша уәкілетті оператор ретінде тіркелген банктерге өтініш берулері керек. Тұрғын үйге арналған нысаналы жинақтарды пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор ретінде "Отбасы банкі" Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі " АҚ белгіленсе, білім алуға арналған нысаналы жинақтарды екі уәкілетті оператор - "Отбасы банкі "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ мен "Қазақстан Халық банкі" АҚ арқылы пайдалануға болады.

01.11.2024 жылға БЖЗҚ жалпы сомасы 3 364 944,63 АҚШ долларына 33 546 өтінішті орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 1 804 601,05 АҚШ долларына 17 991 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін 1 560 343,58 АҚШ долларына 15 555 өтініш орындалды.

Тұрғын үй жағдайын жақсарту

Қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануды қалағандардың ішінде есепті кезеңде Шымкент қаласының (235 151,13 АҚШ долларына 2 341 өтініш орындалды), Қызылорда облысының (182 718,21 АҚШ долларына 1 818 өтініш орындалды) және үшінші орында Жетісу облысының (119 787,47 АҚШ долларына 1 194 өтініш орындалды) тұрғындары асқан белсенділік танытты.

Бұл ретте қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары мыналар болды:

- одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ салымындағы ақшасын толықтыру (1 749 288,80 АҚШ долларына 17 439 өтініш орындалды – барлық орындалған өтініштердің 96,93%),

- азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу үшін (түпкілікті есеп айырысу) - 18 441,78 АҚШ долларына (1,02%) 184 өтініш,

- тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу үшін - 15 263,91 АҚШ долларына (0,84%) 152 өтініш.

Білім алу ақысын төлеу

Қаражатты білім алу ақысын төлеу үшін пайдаланған ең белсенді қазақстандықтар тағы да Шымкент қаласының тұрғындары (223 606,29 АҚШ долларына 2 228  өтініш орындалды), екінші орында – Жетісу облысының тұрғындары (150 181,82 АҚШ долларына 1 498 өтініш орындалды), үшінші орында – Алматы қаласының тұрғындары (134 859,72 АҚШ долларына 1 344 өтініш орындалды).

Осы бағыттағы ең танымал қосалқы мақсаттардың ішінде мыналарды атап өтуге болады:

– Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу үшін - 1 276 628,93 АҚШ долларына 12 728 өтініш орындалды (орындалған өтініштердің 81,83%).

- білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыру үшін – 210 399,44 АҚШ долларына (13,47%) 2 096 өтініш орындалды,

- шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір рет (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу үшін – 63 411,90 АҚШ долларына (4,06%) 632 өтініш орындалды.

Нысаналы жинақтарды алушы өзіне тиесілі барлық соманы да, оның бір бөлігін де пайдалануға құқылы. Бұл ретте пайдаланылмаған соманың қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.

Мәлімет үшін.

Баланың нысаналы талаптарға қатысушылар тізіміне қосылғаны туралы ақпаратты ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер kids.enpf.kz сайты арқылы баланың ЖСН нөмірі бойынша тексере алады. Мұнда сонымен бірге Бағдарлама шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулық алып, қызықтырған сауалдарға жауап алуға болады.

Сондай-ақ, әр балаға есептелген қаражат туралы деректерді ата-аналар электрондық үкіметтің ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетіне кіріп, тексере алады.

2024 жылы 18 жасқа толған отандастарымыз нысаналы жинақтау шотына түскен қаржысын БЖЗҚ-ның интернет ресурсындағы Жеке кабинеті және (немесе) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өз беттерінше тексере алады.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатына берілетін нысаналы талаптардың төлемдері туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі егжей-тегжейлі ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Сарань»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар