"CASPI BITUM "СП" ЖШС өндірістік қуаттылығын жылына 1,5 млн. тоннаға дейін арттыру көзделуде
2024 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және "CASPI BITUM "СП" ЖШС өкілдері кездесіп, "CASPI BITUM "СП" ЖШС-ның өндірістік қуатын жылына 1,5 млн.тоннаға дейін ұлғайту" жобасы (одан әрі - жоба) және жоспарланған жұмыстар бойынша кеңес өткізді.
"CASPI BITUM" СП" ЖШС Орталық Азиядағы жол битумының ірі өндірушісі болып саналады. Мекеме құрылысы 2010-2013 жылдары аралығында жүргізіліп, 2013 жылғы 12 желтоқсанда пайдалануға берілді.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 17 қазанда ҚХР іс-сапары барысында "Қазмұнайгаз" ҰК АҚ мен CITIC Group арасында жобаны 2024-2025 жылдары іске асыруды көздейтін келісімге қол қойылған болатын.
Жобаны табысты іске асыру "Қаражанбас" кен орнынан шығатын тұтқырлығы жоғары мұнайды-жылына 1-ден 1,5 миллион тоннаға дейін қайта өңдеуге, битум өндірісін жылына 500 — ден 750 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда жоба белсенді кезеңге көшуде, атап айтқанда жобалық құжаттама 2024 жылдың қыркүйегіне дейін әзірлену барысында. Сондай-ақ, 2024 жылдың қарашасы – 2025 жылдың наурызы кезеңінде жабдықтар мен материалдарды дайындау және жеткізу, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін шартқа қол қойылды.
Жобалық құжаттаманы әзірлеу кезінде қосымша жабдықтар мен құбыржолдар, энергия жабдықтары, ТПБАЖ және БӨА (АСУТП и КИП), құрылыс барысы мен пайдалану кезеңіндегі қосымша жұмыс орындарының түпкілікті саны айқындалатын болады.
Зауытты іске қосу 2025 жылдың сәуіріне жоспарланған. Ішкі нарықты отандық битуммен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бұл жоба - ҚР Үкіметінің 2024 жылғы экономикалық өсу жөніндегі іс-қимыл жоспарына енгізілген.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -