CITYU ГОНКОНГ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР ИНСТИТУТЫ SATBAYEV UNIVERSITY-ДЕ АШЫЛАДЫ
Бүгін Астанада министр Саясат Нұрбек Гонконг университетінің (City University of Hong Kong (CityUHK) вице-президенті Майкл Янгпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Гонконг жоғары оқу орнының Satbayev University филиалының ашылуы мен жұмысы, ғылыми ынтымақтастық және университеттер арасындағы одан әрі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Министр Satbayev University базасында инженерлік білім мен ғылымдағы жаңа технологиялардың ғылыми-зерттеу хабын құру үшін CityUHK-мен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
«Бүгінгі кездесудің себебі өте маңызды. CityUHK зерттеу және инновациялар институтының ашылуы – біздің қарым-қатынасымыздағы жаңа кезеңнің көрсеткіші және бірлесіп жұмыс істеу және тәжірибе алмасу үшін тәжірибе алмасудың көптеген мүмкіндіктерін ашады. Сізбен ынтымақтастығымыз біз үшін ерекше маңызға ие. Өйткені, бұл бағытта білім мен тәжірибе алмасу біздің академиялық ортамызды байытып, инновациялық технологиялар мен ғылыми жетістіктердің дамуына ықпал ететіні сөзсіз», - деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Кездесу қорытындысы бойынша Satbayev University ректоры Мейрам Бегентаев пен CityUHK вице-президенті Майкл Янг студенттер үшін оқу, зерттеу және инновациялық орталық ретінде қызмет ететін Satbayev University базасында CityUHK зерттеу және инновациялар институтын құру туралы келісімге қол қойды.
CityUHK вице-президенті қазақстандық әріптестеріне алғысын білдіріп, оқу орындары арасындағы ғылыми және білім беру байланыстарын нығайтудың алғашқы қадамы болып табылатын осы Келісімге қол қоюдың маңыздылығын атап өтті.
CityU – Гонконгтың Коулун-Тонг ауданында орналасқан, әлемдік рейтингте 62-ші орында тұрған қоғамдық зерттеу университеті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -