Целиноград ауданының әкімі тағайындалды
Ақмола облысы әкімінің өкімімен Президент Әкімшілігі және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Дарын Сабырғали Целиноград ауданының әкімі болып тағайындалды.
Жаңа аудан басшысын облыс әкімі Марат Ахметжанов таныстырды.
Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы Алматы қаласында 1986 жылы туған.
Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Астана қаласы "Астана Автоком Инвест" ЖШС Басқарушы директоры болып бастаған.
2015-2017 жылдары Ақмол ауылдық округі әкімінің орынбасары, Целиноград ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.
2017-2020 жылдары Ақмола облысы әкімінің, Шортанды ауданы әкімінің аппараттарында жұмыс істеді, "G-Global" Халықаралық Хатшылығы қауымдастығының кеңесшісі болды.
2021 жылдың мамырынан 2024 жылдың сәуіріне дейін Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Ақмола облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -