Әділет министрлігі құқықтарды ұжымдық негізде басқару мәселелеріне арналған халықаралық семинар өткізді
31 қазанда Алматы қаласында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) қолдауымен ұйымдастырылған құқықтарды ұжымдық негізде басқару мәселелеріне арналған халықаралық семинар өтті. Іс-шара зияткерлік меншік саласындағы халықаралық және ұлттық сарапшыларды, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін, қоғамдық ұйымдар мен авторларды жинады.
Семинар авторлардың, орындаушылардың және басқа да құқық иеленушілердің құқықтарын ұжымдық негізде басқаруға байланысты өзекті мәселелер мен сын-қатерлерді талқылауға бағытталған. Қатысушылар жаһандану және экономиканы цифрландыру жағдайында авторлық құқықты қорғау және ілгерілету тетіктерін талқылады.
Семинарды Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова ашып, авторлар мен құқық иеленушілердің мәдениет пен креативті индустрияларды дамыту үшін әділ сыйақы алу құқығын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Семинарда ДЗМҰ сарапшысы Миюки Монроиг, Еуропалық одақтан Галатея Капеллакоу, Малайзиядан Нур Алиф Бин Муса, сондай-ақ құқықтарды ұжымдық негізде басқару ұйымдарының (ҚҰБҰ) өкілдерін қоса алғанда, құқықтарды ұжымдық негізде басқару саласындағы отандық мамандар сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитетінің төрағасы Шолпан Абдреева Қазақстандағы авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқаруды реттейтін заңнаманың шолуын ұсынды. Ол осы институттың ерекшеліктеріне тоқталып, ҚҰБҰ-ның көптігі, ашықтықты арттыру және олардың тиімділігін күшейту сияқты өзекті мәселелерге назар аударды.
Миюки Монроиг, ДЗМҰ-ның Авторлық құқықтарды басқару бөлімінің кеңесшісі, ұжымдық құқықтарды басқарудың әртүрлі модельдерін, сондай-ақ мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдарға қойылатын талаптарды атап өтті. Ол ДЗМҰ әзірлеген цифрлық өнімдер туралы, олар сыйақыларды бөлуді және төлеуді жеңілдетіп, процестерді ашық әрі тиімді етуге мүмкіндік беретінін айтты.
Галатея Капеллакоу, Еуропа Одағының сарапшысы және зияткерлік меншік мәселелері бойынша аға заңгері авторлардың құқықтарын толық қамтамасыз ету үшін ҚҰБҰ-ның ашықтығы мен тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Ол сондай-ақ ЕО-ның ҚҰБҰ-ның қызметін реттейтін директиваларына және осы ұйымдарға деген сенімділікті арттыруға көмектесетін стандарттарға назар аударды.
Нур Алиф Бин Муса, Малайзияның Зияткерлік меншік корпорациясының Авторлық құқық департаменті директорының көмекшісі, авторлық және ссабақтас құқықтарды пайдаланушылар тарапынан құқық иелеріне әділ сыйақы беру үшін дәл есептер ұсынудың маңыздылығын атап айтты. Ол сондай-ақ құқықтарды тиімді басқарудың негізгі аспектілерінің бірі болып табылатын ҚҰБҰ қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталған шаралар туралы айтты
Композиторлар Артық Тоқсанбай мен Алим Заиров композиторлардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін көтерді. Олар көтерген тақырыптардың бірі кинофильмдер үшін арнайы музыка жасайтын авторлардың құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың тиімділігін арттыру үшін бар ҚҰБҰ-ларды шоғырландыру қажеттілігі болды.
Ботагөз Қалдаякова өз сөзінде ұжымдық басқару саласындағы мәселелерді қозғап, ұйымдардың қызметінің ашық еместігін, оның ішінде жалпы жиналыстарды өткізу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Осылайша, кездесуге қатысушылар барлық мүдделі тараптардың ашықтығына, тиімділігіне және мүдделерін қорғауға ерекше назар аудара отырып, құқықтарды ұжымдық басқару жүйесін реформалауға кешенді көзқарастың маңыздылығын атап өтті.
Семинарда Қазақстандағы ұжымдық басқару жүйесін дамыту мен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау заңнамасын жетілдіруге ерекше назар аударылды. Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы мәселелердің бірі – Қазақстанда 15 ҚҰБҰ-ның бар болуы. Қатысушылар ашықтықтың, құқықтарды басқарудағы цифрландырудың және авторлар мен құқық иелеріне сыйақыларды уақтылы әділ бөлу мен төлеудің маңыздылығын талқылады. Қазақстан аумағындағы 15 ҚҰБҰ қызметі авторлар мен құқық иелеріне, сондай-ақ кәсіпкерлер атынан пайдаланушыларға таңдауды қиындатады. ҚҰБҰ-ның алдында тұрған негізгі міндет, сыйақыны жинауды жүзеге асыру, авторлар мен құқық иелеріне сыйақыны уақтылы бөлу және төлеу. Бұл міндетті іске асыру авторларды жаңа туындылар жасауға және тұтастай алғанда мәдениетті дамытуға ынталандырудың кепілі болып табылады.
Бұл сұхбат алаңы ұжымдық құқықтарды басқару жүйесін жетілдіру мен өңірдегі зияткерлік меншік құқықтарын дамыту жолындағы маңызды қадам болды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -