Діни ағымдардың алдын алу: Астанада түсіндіру акциясы ұйымдастырылды: Астана қаласы, 08 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Діни ағымдардың алдын алу: Астанада түсіндіру акциясы ұйымдастырылды

Діндерді зерттеу орталығы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында «Ашық алаң» көпшілікке арналған ақпараттық-түсіндіру акциясын ұйымдастырды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген акция Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған мемлекеттік жүйесін дамытудың кешенді жоспарын орындау аясында өтті.

«Аталған акция осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін бұл жобамыз «Аружан» сауда үйінде, «Астаналық базар» аумағында өткізіліп, көпшіліктің ықыласына бөленген болатын. Бүгін «Хан шатыр» сауда орталығында өткізіп жатырмыз. Негізгі мақсат – салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар, ел тарихы мен дін мәселелеріне қатысты викториналық сауалдар ұйымдастыру арқылы жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін ояту.

Бұдан бөлек, діни ағымдардан сақтану, олардың белгілері туралы бейнероликтер күні бойы көрсетілді. Сондай-ақ, волонтерлермен бірлесе отырып, үш мыңға жуық елордалыққа дін саласына қатысты арнайы ақпараттық буклеттерді үлестірдік. Осы іс-шараға белсенді атсалысқан волонтерлерді де марапаттайтын боламыз», - деді Діндерді зерттеу орталығының бөлім басшысы Нұрсұлтан Жаншин.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған акция келесі жылы да жалғасын таппақ.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Діндерді зерттеу орталығы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында «Ашық алаң» көпшілікке арналған ақпараттық-түсіндіру акциясын ұйымдастырды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген акция Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған мемлекеттік жүйесін дамытудың кешенді жоспарын орындау аясында өтті.

«Аталған акция осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін бұл жобамыз «Аружан» сауда үйінде, «Астаналық базар» аумағында өткізіліп, көпшіліктің ықыласына бөленген болатын. Бүгін «Хан шатыр» сауда орталығында өткізіп жатырмыз. Негізгі мақсат – салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар, ел тарихы мен дін мәселелеріне қатысты викториналық сауалдар ұйымдастыру арқылы жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін ояту.

Бұдан бөлек, діни ағымдардан сақтану, олардың белгілері туралы бейнероликтер күні бойы көрсетілді. Сондай-ақ, волонтерлермен бірлесе отырып, үш мыңға жуық елордалыққа дін саласына қатысты арнайы ақпараттық буклеттерді үлестірдік. Осы іс-шараға белсенді атсалысқан волонтерлерді де марапаттайтын боламыз», - деді Діндерді зерттеу орталығының бөлім басшысы Нұрсұлтан Жаншин.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған акция келесі жылы да жалғасын таппақ.

Аймақтағы жаңалықтар