Дүниежүзілік тазалық күні қарсаңында, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Ұлытау облысының қалалары мен аудандарында «таза бейсенбіліктер» өтті
Дүниежүзілік тазалық күні қарсаңында, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында өңір тұрғындары туған өлкені абаттандыруға үлес қосуды жалғастыруда.
Бүгін барлық қалалар мен аудандарда санитарлық тазарту шаралары өтті. Құрал-жабдықтармен қаруланған жергілікті билік, қоғамдық ұйымдар өкілдері, жастар, белсенділер және бей-жай қарамайтын азаматтар бейсенбілікке ықыласпен шықты. Олар ластанған көшелерді, аулаларды, саябақтар мен алаңдарды тазартты. Ал Жезқазған және Сәтбаев қалаларының еңбек ұжымдары өндірістік кәсіпорындардың аумақтарында тазалау, сырлау, әктеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, тұрғын үйлердің аулаларында да жұмыс қызу жүріп жатты. Аталған акцияны облыстың барлық ПИК-тары қолдады. Тұрғындармен бірге олар бірге тазалық орнатып, ағаштарды суарып, гүлзарларды ретке келтірді.
««Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқанын өткізудің маңыздылығын Мемлекет басшысы «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясында да атап өтіп. Ел Президенті қоршаған ортаның жай-күйі ортақ жауапкершілік екеніне ерекше назар аударды. Осыған байланысты қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа ұқыпты қарау принциптерін ілгерілету үлкен маңызға ие.
Сондай-ақ, бүгінгі таза бейсенбілік Дүниежүзілік тазалық күні қарсаңында өтуде және біздің еңбегіміздің маңыздылығын одан әрі арттыратынына назар аударғым келеді», - деп атап өтті қоғам белсендісі, Т.Шевченко атындағы украин этномәдени бірлестігінің төрайымы Жук Оксана.
Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында бұлақтардың жанында және өзендердің жағасында экологиялық акция өтті. Ұлытау ауданының тұрғындары келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін «Күміс бұлақ», «Тасбұлақ» бұлақтарының айналасын абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Жаңаарқалықтар Сарысу өзенінің жағасын қоқыстан тазартып, шомылу орындарын ретке келтірді.
Акцияға қатысушылардың пікірінше, бұл іс-шаралар экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді және халық арасында табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастырады.
Бүгінде барлығы 1300-ден астам адам мен 45 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, 70 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -