Дәстүрлі ән орындаушылар Қарағанды облысындағы байқауға қатыса алады
Әнші Игілік Омаровтың 90 жылдығына орай Кеншілер мәдениет сарайы "Ақкем салған Ақерке" дәстүрлі ән орындаушыларының облыстық байқауын өткізеді. Оған Қарағанды облысының әр өңірінен бір ғана үміткер қатыса алады.
Екі жас санатына – 10–15 және 16–35 жас бойынша қатысуға өтінімдер 20 қыркүйекке дейін dkg.to@mail.ru электрондық поштаға қабылданады. Байқаудың өзі 25 қыркүйекте сағат 11:00-де КМС сахнасында өтеді.
10–15 жас аралығындағы орындаушылар Игілік Омарұлының әнін дайындап, оны бейне форматта іріктеу кезеңіне жібереді. Іріктеуден өткен үміткерлер екінші турда Игілік Омарұлы айтқан немесе жазған бір әнді және еркін тақырыпта бір әнді орындауы керек.
16–35 жас аралығындағы байқауға қатысушылар бірінші және екінші турларда Игілік Омарұлының орындауындағы немесе авторлығындағы әнді және КМС сахнасында еркін тақырыпта бір әнді ұсынады.
I, II, III сыйлықтардың лауреаттарына (әр номинацияда) дипломдар мен сыйлықтар (сертификаттар), ал олардың басшыларына алғыс хаттар беріледі.
Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 41-18-01, 8-708-851-66-05.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -