Дархан Жазықбай «24KZ» телеарнасына мемлекеттік қызметті одан әрі жүйелі дамыту мәселелері туралы сұхбат берді
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай «24KZ» телеарнасының «Бетпе-бет» бағдарламасына Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» іске асыру жоспарлары туралы сұхбат берді.
Агенттік төрағасы Тұжырымдаманың негізгі бағыттары – мемлекеттік қызметті адамға бағдарланған және сервистік сипатта ілгерілету, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру, HR-процестерді басқару және цифрландыру бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Стратегиялық құжат аясында мемлекеттік қызметтің миссиясын, міндеттері мен талаптарын жаңаша айқындайтын «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңды әзірлеу жұмысы туралы да мәлімет берілді. Заңнамалық бастамада мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының адамға бағдарланған, сервистік моделін бекіту жөніндегі міндеттерді енгізу жоспарлануда.
Дархан Жазықбай іске асырылатын шаралар мемлекеттік қызметте бюрократияны болдырмауды, оның ашықтығын қамтамасыз етуді, азаматтардың талап-тілектеріне толыққанды жауап беру мүмкіндігін арттыруды көздейтінін жеткізді.
Толығырақ: https://youtu.be/Y-iVOP-3kLg?si=gR-SPkuGWQ3_XtxA
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -