«Дауыс беру күні – 2024 жылдың 6 қазаны» тақырыбындағы семинар
Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Ағыбай батыр атындағы Оқушылар сарайының акт залында 35 учаскелік референдум комиссияларының төрағаларына, төраға орынбасарларына және хатшыларына Қарағанды облысының референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Сандуғаш Сабетовна Асылбекованың қатысуымен семинар өтті.
Семинар «Дауыс беру күні – 2024 жылдың 6 қазаны» тақырыбында іскерлік ойын түрінде және УРК мүшелерінің өздерінің әрекеттерімен стандартты емес жағдайларды талқылаумен өтті. Семинарға қатысушылар қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауаптар алды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -