Демеу Жадыраев анасымен бірге Жетісу облысының әкімі сыйлаған жаңа үйге барды: Жетісу облысы, 11 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Демеу Жадыраев анасымен бірге Жетісу облысының әкімі сыйлаған жаңа үйге барды

Бүгін Парижде өткен жазғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраев пен анасы Күлипа Бижанова Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев сыйға тартқан Жаркент қаласындағы жаңа үйге барды. Кеше облыс әкімі Күлипа Бижановаға Қазақстанның мақтанышына айналған батыр ұлды тәрбиелеп өсіргені үшін алғыс айтып, тұрғын үй кілтін салтанатты түрде тапсырған болатын.

Жаңа үй заманауи жиһаздармен, тұрмыстық техникамен толық жабдықталған. Бұл өз кезегінде Күлипа Бижанованың қолайлы жағдайда өмір сүруіне үлкен септігін тигізеді. Демеу Жадыраев бұл үйдің анасына жылы ұя, жайлы мекен, ал өзі үшін қуана-қуана келетін сүйікті шаңырағы болатынын атап өтті.

Салтанатты қабылдау кезінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев: «Алып анадан туады», халқына лайықты перзент бола білген осындай ер азаматты тәрбиелеп өсіргеніңіз үшін ең алдымен, Демеудің анасы, Сізге алғысымызды білдіреміз. Құрметтің үлкені, сыйдың төресі ең бірінші анаға жасалуы керек», - деген болатын.

Жадыраевтар отбасы Демеудің спорттағы қажырлы жолының және алдағы жетістіктерінің белгісіндей болған жаңа үйге көшуді бастады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі: Жетісу облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Бүгін Парижде өткен жазғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраев пен анасы Күлипа Бижанова Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев сыйға тартқан Жаркент қаласындағы жаңа үйге барды. Кеше облыс әкімі Күлипа Бижановаға Қазақстанның мақтанышына айналған батыр ұлды тәрбиелеп өсіргені үшін алғыс айтып, тұрғын үй кілтін салтанатты түрде тапсырған болатын.

Жаңа үй заманауи жиһаздармен, тұрмыстық техникамен толық жабдықталған. Бұл өз кезегінде Күлипа Бижанованың қолайлы жағдайда өмір сүруіне үлкен септігін тигізеді. Демеу Жадыраев бұл үйдің анасына жылы ұя, жайлы мекен, ал өзі үшін қуана-қуана келетін сүйікті шаңырағы болатынын атап өтті.

Салтанатты қабылдау кезінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев: «Алып анадан туады», халқына лайықты перзент бола білген осындай ер азаматты тәрбиелеп өсіргеніңіз үшін ең алдымен, Демеудің анасы, Сізге алғысымызды білдіреміз. Құрметтің үлкені, сыйдың төресі ең бірінші анаға жасалуы керек», - деген болатын.

Жадыраевтар отбасы Демеудің спорттағы қажырлы жолының және алдағы жетістіктерінің белгісіндей болған жаңа үйге көшуді бастады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақтағы жаңалықтар