ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЖАНЫНАН МӘМС-ТІ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛАДЫ
Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ) осы жылдың сегіз айындағы қызметі туралы есебі тыңдалды. Отырысқа денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Қоғамдық кеңес төрағасы Надежда Петухова, сонымен қатар кеңес мүшелері, министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары қатысты.
Отырыс шеңберінде ситуациялық-талдау орталығы (СТО) мен Saqtandyru ақпараттық жүйесінің жұмысы жария етілді.
Қордың басқарма төрағасы Әбілқайыр Ысқақов өз есебінде медициналық қызметтерді сатып алу процестерін автоматтандыру нәтижелері және медициналық қызметке тарифтерді қайта қарау туралы баяндады. Бес бағыт бойынша жаңа тарифтер күшіне енді, ал тоғыз қосымша бағыт бойынша қайта қарау қыркүйек айында бітеді, деді қор басшысы.
Министр медициналық қызметтерге тарифті жетілдіру және қаржыландыруды оңтайландыру бойынша міндеттерді үнемі қадағалауда ұстауды тапсырды және денсаулық сақтау жүйесін басқару үшін алдағы уақытта цифрлық құралдарды дамыту, медициналық ұйымдарда дер кезінде төлем жасау маңыздылығын атап өтті. Министр сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін (МӘМС) жетілдіру бойынша үйлестіру кеңесін құру жайын мәлімдеді.
Қоғамдық кеңес төрағасы Надежда Петухова азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік алу маңыздылығын айта келе сақтандырылмаған азаматтармен белсенді жұмыс жүргізуге назар аудартты.
Отырысқа қатысушылар медициналық қызметтердің сапасын қадағалау мен қаржыландыру, цифрландыруды жақсартуға ерекше көңіл бөле келе, Мемлекет басшысы қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін күш біріктіруге дайын екенін жеткізді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -