Доминикан Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті
Астана, 2024 жылғы 10 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Доминикан Республикасының Қазақстан Республикасындағы қоса атқарушы ретінде жаңадан тағайындалған Елшісі Алехандро Ариас Сарсуэладан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.
Тараптар Қазақстан мен Доминикан Республикасы арасындағы саяси, сауда-экономикалық және туристік салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Көпжақты форматтағы ынтымақтастық және шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы саяси диалогты кеңейту және іскерлік байланыстарды дамыту бойынша күш-жігерді жалғастыруға келісті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -