Достық үйінде облыс әкімі Асайын Байханов өңір кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
Бизнес-қоғамдастықтың өзекті мәселелерін талқылауға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Райымбек Баталов та қатысты.Облыс әкімі қонаққа өңірдің кәсіпкерлік әлеуеті туралы баяндады.Павлодар облысында 140 мыңнан астам адам шағын және орта бизнес саласында және тағы 80 мың адам өнеркәсіп саласында еңбек етуде. «Бизнес-несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» бағдарламасы бойынша соңғы үш жылда қаржыландыру көлемі 2,5 есе - 12 млрд. теңгеге өсті. Жас кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру көлемі 820 млн. теңгеге жетті. Тек бір жылдың ішінде ШОБ өнімдерінің өндірісі 173 млрд. теңгеге ұлғайды.Өңірде инвестициялық штаб белсенді жұмыс істейді. Негізгі инвестициялық жобалар пулында - 10 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 2,1 трлн. теңгеге 91 жоба бар.Сонымен қатар, өңір басшысы бизнестің «түйінді» мәселелеріне назар аударды.- Павлодар облысы шекараға жақын орналасқан өңір болып табылғандықтан, біз импорттық өнімдердің отандық тауарларды нарықтан ығыстырмауына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Қазір РФ-нан арзан сүт өнімдерін жеткізудің күрт өсуіне байланысты жергілікті сүт өндірушілердің өнімдерін сатуда қиындықтар туындады. Бұл жергілікті мәселе емес және барлық дерлік шекаралас аймақтарға әсерін тигізеді. Мәселе кешенді шешімдерді, соның ішінде Үкіметпен бірқатар негізгі аспектілерді пысықтауды талап етеді және біз қазір осымен белсенді айналысудамыз, - деді облыс әкімі.Кездесуде Асайын Байханов бизнес-қоғамдастыққа жұмыс істеуге, елі мен өңіріне пайда әкелуге деген ұмтылыстары үшін алғысын білдірді.- Жақында біздің және көршілес өңірлерде орын алған төтенше жағдайлар кезінде жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытып, көмек қолын созған кәсіпкерлерге ерекше алғыс білдіремін, - деп атап өтті өңір басшысы.«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Райымбек Баталов жоғары әлеуметтік жауапкершілікті, салықтық тазалықты, экологиялық талаптарды сақтауды ұстанатын кәсіпкерлердің жаңа толқынының пайда болуы үшін қолайлы бизнес-климат құру мәселелері бойынша баяндама жасады.- Біз үшін түйінді мәселелерді өздеріңізден естіп, ұсыныстар жинау маңызды. Бүгінгі таңда ең бастысы - шағын және микробизнесті тыңдап, қолдау көрсету, - деді Райымбек Баталов.Кездесуде кәсіпкерлер микро және шағын бизнес өкілдерінің құзыреттерін дамытуға, әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға, логистикаға, инфрақұрылымды дамытуға қатысты мәселелерді көтерді.Көтерілген мәселелер «Атамекен» ҰКП сарапшылары мен Павлодар облысының әкімдігі тарапынан жұмысқа алынды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -