Достық үйінде ТЖ жоюға қатысқан жандар марапатталды
Асайын Байханов шақырылғандарға биылғы жылы болған төтенше жағдайлар кезіндегі жанқияр еңбектері мен көмектері үшін зор алғыс пен ризашылығын білдірді.
Олардың ішінде «Майқайың-алтын» кәсіпорнында орын алған қайғылы оқиға, Майқайың су құбырындағы апат, облыстың жекелеген аудандарындағы көктемгі су тасқыны бар.- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетілді. Барлық әлеуметтік және тұрмыстық мәселелер шешілді. 30 маусымда көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылының тұрғындарына жаңа үйлердің кілттері табысталады, - деді өңір басшысы.
Асайын Байханов бірліктің үлгісі деп қиындықтарға бей-жай қарамайтын облыс азаматтарының басқа өңірлерге көрсеткен көмектерін атады. Өңір басшысы демеушілік көмек көрсеткен кәсіпкерлерге де алғысын білдірді.
Облыс әкімінің Алғыс хаттарымен құтқарушылар, өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері, еріктілер мен кәсіпкерлер марапатталды.Салтанатты іс-шара облыстық филармония әртістерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -