Павлодар ауданына жаңа әкім тағайындалды: Павлодар облысы, 26 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Павлодар ауданына жаңа әкім тағайындалды

Бүгін өңір басшысы Асайын Байханов Павлодар ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды.

Павлодар ауданын 2023 жылдың қаңтарынан бастап басқарған Николай Дычко өз еркімен қызметінен босатылды.

Облыс әкімі осы уақыт ішінде қол жеткізілген нәтижелерді атап өтті: Қаракөл және Богдановка ауылдарында орталық су құбыры салынды, Чернорецк ауылындағы су құбыры қайта жаңартылды, 11 шақырымнан астам кірме жолдарға асфальт төселді, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 23 үй сатып алынды. Әлеуметтік салаға үлкен көңіл бөлінді.

- Өздеріңіз білетіндей, Сычевка ауылында апатты жағдайда болған мектептің орнына жаңа мектеп салынды, 2 мектеп, 3 мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілді, аудан тарихы мұражайы ашылды, балалар алаңдары мен шағын футбол алаңдары орнатылды, - деді өңір басшысы.

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, өңір басшысының өкімімен Павлодар ауданының әкімі болып Дидар Ибраев тағайындалды.

Дидар Елубекұлы 1992 жылы Железин ауданында дүниеге келген.

2014 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық органында бастаған.

2015 жылдан бастап ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің атқарушы және басшылық лауазымдарында қызмет атқарды.

2018 жылдан бастап жергілікті атқарушы билік органдарында еңбек етеді.

2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

Дидар Елубекұлы президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болып табылады. 2020 жылы «Үздік мемлекеттік қызметші» атағын алды.

Асайын Байханов облыстың ең ірі аудандарының біріне тағайындалған жаңа басшының алдына бірінші кезектегі міндеттерді қойды.

- Аудан инвестиция тарту әлеуетіне ие. Алайда, өкінішке қарай, АӨК, әлеуметтік және туристік салаларға, аудан үшін стратегиялық өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция тарту жұмыстары өте төмен деңгейде, - деді облыс әкімі.

Өңір басшысы инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу жұмыстарын жандандыруды тапсырды.Сондай-ақ, Павлодар ауданының әкімдігі ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша тиімділік рейтингінде аутсайдер болып табылады.- Биылғы жылы ауданның кейбір мемлекеттік қызметшілері тікелей функционалдық міндеттерін орындаудың орнына сотты жағалап кетті.Бұл мемлекеттік қызметшілердің халық алдындағы сенімі мен беделіне нұқсан келтіреді. Бүгінгі таңда ауданда 9 бос жұмыс орны бар. Бизнес-процестерді дұрыс құру, қолда бар бос жұмыс орындарына конкурстар жариялау қажет.Кадр саясаты нақты тұжырымдалып, барлық қызметкерлер үшін ашық болуы керек, - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, мәселе туындаған нысандармен айналысып, пайдалануға беру қажет: Кеменгер ауылындағы дене-шынықтыру сауықтыру кешені, шағын орталыққа арналған Заңғар мектебіне қосымша ғимараттың құрылысы.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Павлодарской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар