Экономиканың нақты секторына кредит беруді кеңейту жөніндегі шаралар туралы: Алматы қаласы, 18 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Экономиканың нақты секторына кредит беруді кеңейту жөніндегі шаралар туралы

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Ұлттық Банкпен және Үкіметпен бірлесіп кәсіпкерлерге жыл сайын кемінде 20% деңгейінде жаңа кредиттер берудің өсуін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды.

2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша банктер бизнес субъектілеріне 12,8 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,6%-ға артық. Маңызды үрдіс бизнеске кепілсіз қарыздар берудің өсуі болып табылады, ол ағымдағы жылғы 9 айда 37%-ға 2,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Бизнеске берілетін кредиттер портфелі ағымдағы жылдың басынан бастап 7,4%-ға 12,1 трлн теңгеге дейін өсті. Ағымдағы жылы корпоративтік портфель өсімінің негізгі драйвері 34,2%-ға          2,1 трлн теңгеге дейін ұлғайған дара кәсіпкерлерге берілетін кредиттер болып табылады.

Бизнеске берілетін кредиттер құрылымында негізгі үлес ШОБ субъектілеріне берілетін қарыздарға тиесілі, олар 2024 жылдың 9 айында 3,0%-ға 5,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Ірі бизнеске берілетін кредиттер 3,2%-ға 4,1 трлн теңгеге дейін өсті. Ағымдағы жылы осы көрсеткіштің серпініне  телекоммуникация және құрлық көлігі саласындағы ірі қарыз алушылардың сыртқы нарықта және ішкі қор нарығында тартылған қаражат есебінен мерзімінен бұрын өтеуі әсер етті. Бұдан басқа, ірі қарыз алушылар арасында ақша-кредит жағдайларын біртіндеп жеңілдету аясында банктердегі қолданыстағы қарыздарды неғұрлым төмен мөлшерлемелер бойынша қайта қаржыландыру тәжірибесі байқалды. Мәселен, ұлттық валютадағы ірі бизнес субъектілерінің кредиттері бойынша орташа сараланған  мөлшерлеме 2023 жылғы желтоқсандағы 18,2%-дан ағымдағы жылғы қыркүйектің қорытындылары бойынша 16,9%-ға дейін төмендеді.

Ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша бизнеске  кредит берудің өсуі көлік пен байланысты қоспағанда, экономиканың барлық салаларында байқалады. Кредит берудің  ең жоғары өсу қарқыны байқалады: өнеркәсіпте – 17,3%-ға, ауыл шаруашылығында – 10,2%-ға, саудада – 8,3%-ға, құрылыста – 7,4%-ға өсу. Ақпарат және байланыс салаларындағы портфельдің 36,8%-ға, көліктің 2,9%-ға төмендеуі жекелеген ірі қарыз алушылардың кредиттерді мерзімінен бұрын өтеуіне байланысты.

Бизнеске берілетін кредиттердің сапасы жоғары деңгейде сақталуда. Мәселен, 2024 жылғы 1 қазанда корпоративтік кредиттік портфельдің жалпы көлемінде 90 күннен асатын мерзімі өткен берешегімен бизнес кредиттерінің үлесі 2,3%-ды немесе 315 млрд теңгені құрады (01.01.2024 ж. – 2,3% немесе 289 млрд теңге).

Нарықтағы маңызды үрдіс бизнес субъектілерін банктік кредиттеумен қамтуды одан әрі кеңейту болып табылады. Жыл басынан бері банктерде кредиттері бар бизнес субъектілерінің саны 17%-ға – 444,1 мың субъектіден 519,6 мың субъектіге дейін өсті, оның 95,6%-ы дара кәсіпкерлер. Нәтижесінде жұмыс істейтін ДК жалпы санындағы ДК қарыз алушыларының үлесі 31,0%-дан 34,8%-ға дейін ұлғайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылы экономиканың нақты секторына кредит беруді одан әрі кеңейту үшін Агенттік кредит беруді пруденциялық ынталандыру, банктерді қорландыру базасын кеңейту және синдикатталған кредит беру мен қоса қаржыландыруды дамыту жөніндегі шараларды іске асырды.

Банктік кредит беруді кеңейтудің негізгі шарты банктерде капитал мен өтімділіктің жеткілікті көлемінің болуы болып табылады. Осыған байланысты 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін капиталға жүктемені төмендету үшін ШОБ субъектілерінің қарыздары бойынша тәуекел-саралау коэффициенттері 75%-дан 50%-ға дейін, синдикатталған қарыздар бойынша – 100%-дан 50%-ға дейін төмендетілді.

Қысқа мерзімді қорландыру қоры жағдайында банктердің өтімділігіне қысымды төмендету және босатылған өтімділікті кредит беруге бағыттау үшін 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін өтімділікті өтеу коэффициенттерінің (LCR) және тұрақты қорландыру нетто коэффициенттерінің (NSFR) мәндері 0,9-ға дейін төмендетілді (Базель стандарты – 1,0).

Өтімділік коэффициенттерін есептеу тәртібіне (LCR, NSFR) қойылатын талаптар жеңілдетілді. Мәселен, LCR есептеу бөлігінде қаржылық емес ұйымдардың салымдары бойынша әкетілу коэффициенттері 40%-дан 20%-ға дейін, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тартылған міндеттемелер бойынша 0%-ға дейін төмендетілді. NSFR есептеу кезінде сөзсіз мерзімінен бұрын алып қою мүмкіндігімен қаржылық емес ұйымдардың салымдары бойынша қолжетімді тұрақты қорландыру коэффициенті 50%-ға дейін көтерілді.

Банктер құратын провизиялардың мөлшерін қысқарту мақсатында мәжбүрлеп қайта құрылымдау өлшемшарттары бойынша оларды есептеуге қойылатын талаптар қайта қаралды. Атап айтқанда, мәжбүрлеп қайта құрылымдау өлшемшарттарына енді осы қайта құрылымдау нәтижесінде NPV-нің 10%-ынан астамға төмендеуіне әкеп соқпайтын жеңілдетілген кезеңді 60 күннен астам мерзімге кейінге қалдыру немесе ұзарту жағдайлары жатқызылмайды.

Кредит беру туралы шешім қабылдаудың жедел болуын қамтамасыз ету үшін қаржылық есептілік пен салық декларациясы арасындағы елеулі алшақтықтарды салыстыру және сипаттау жөніндегі талаптар 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ауыстырылды. Сондай-ақ, кредиттік тәуекелді бағалау рәсімдеріне қойылатын талаптар, оның ішінде кепілді қабылдау және қарыз беру шеңберінде кепілге қарап тексеруді жүргізуге, тәуелсіз бағалаушылар тарапынан кепілмен қамтамасыз ету құнын бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар жеңілдетілді.

Агенттік қабылдаған пруденциялық шаралар геосаяси тәуекелдерді сақтау жағдайында экономиканың нақты секторына кредит беруді одан әрі кеңейтуге ықпал ететін болады.

Экономиканың басымды салаларындағы бизнестің инвестициялық жобаларына ұзақ мерзімді кредит беру мүмкіндігін кеңейту үшін Агенттік Ұлттық Банкпен бірлесе отырып БЖЗҚ активтерін банктердің облигацияларына 7 жылға дейінгі мерзімге нарық мөлшерлемелері бойынша  500 млрд теңгеге дейін  инвестициялау тетігін қабылдады.

Қазіргі уақытта бұл тетік шеңберінде екінші деңгейдегі банктер кейін экономиканың нақты секторының басым бизнес-жобаларына кредит беру үшін 119 млрд теңге тартты.

2024 жылғы маусымда қабылданған Заң[1] шеңберінде ірі бизнес жобаларды қаржыландыру бойынша банктердің мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында синдикатталған кредит беруді және қоса қаржыландыруды дамыту жөніндегі шаралар іске асырылды, оған бейрезидент банктер мен АХҚО қатысушыларын тарту есебінен синдикатқа қатысушылар құрамын кеңейту, оның негізгі функцияларын айқындай отырып, «синдикатталған қарызды ұйымдастырушы» ұғымын енгізу, қарыз шартын синдикатталған қарызға айналдыру, кепілді басқарушының құқықтарын айқындауды және кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану үшін негіздемелерді нақтылауды қоса алғанда, синдикатталған мәмілелер шеңберінде кепіл жұмыстарының рәсімдерін нақтылау кіреді.

Синдикатталған қаржыландыруды және қоса қаржыландыруды практикалық іске асыру мақсатында 2023 жылғы мамырдан бастап Бәйтерек холдингінің, екінші деңгейдегі банктердің, ҚҚҚ-ның, Самұрық-Қазына қорының қатысуымен тиісті Жобалық кеңсе жұмыс істейді. Жобалық кеңсе құрылған сәттен бастап синдикатталған кредит беру және қоса қаржыландыру қағидаттарында қаржыландыруға құны 835 млрд теңге болатын 5 жоба мақұлданды, бұл ретте банктердің қатысу үлесі шамамен 35%-ды құрайды. Қазіргі уақытта Жобалық кеңсенің қарауында жалпы құны 6,5 трлн теңгеден асатын жобалар бар.

[1] «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 19 маусымдағы № 97-VIII ҚР Заңы.

Сыртқы коммуникациялар Басқармасы

+7 (727) 237 10 89

press@finreg.kz

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар