Энергетика министрлігінде отын-энергетика кешенін цифрландыру мәселелері талқыланды
Бүгін ҚР Энергетика министрлігінде Энергетика вице-министрі Б.Ілияс ШЫҰ елдері үшін цифрлық технологиялар платформасының бас директоры Тун Даньмен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар энергетика саласы мамандарын даярлауды және олардың біліктілігін арттырумен бірге, энергетика саласының инвестициялық жобаларын одан әрі ынтымақтастық пен іске асыру мүмкіндігін, әсіресе ШЫҰ елдерінің ғылыми-техникалық әлеуетін белсенді дамытуды талқылады.
Сондай-ақ, кездесу шеңберінде тараптар Қазақстан мен ШЫҰ арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға жаңа серпін беретін Энергетика саласындағы цифрлық трансформация бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандум сондай-ақ цифрлық, зияткерлік және жаңартылатын энергетика саласында тәжірибе алмасуға, ақпараттық технологияларды, электр энергиясын жинақтау жүйесін, жаңартылатын көздерден энергия өндіру жөніндегі жобаларды дамытуға, энергетикалық инфрақұрылымды жетілдіруге және т. б. мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -