Эпидемиологтар күн ыстықта субұрқақтарда шомылу қауіпті екенін ескертеді
Облыстық сантарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті күн ыстықта субұрқақтарда шомылу қауіпті екенін айтады. «Жаз мезгілі - энтеровирустық инфекциялардың белсенділігі артатын маусымы. Энтеровирустық менингит - бұл субұрқақтарда сапасыз суды тұтынумен тікелей байланысты жедел жұқпалы ауру. Дене қызуының жоғарылауы, құсу, бас ауруы, менингиальды белгілер – бұл аталған ауруға тән белгілер. Қоздырғышы – энтеровирус», - дейді мамандар.
Субұрқақ шомылуға арналмаған. Шеңбер бойымен айналатын субұрқақтардың суы дезинфекцияланбайды, ағып кетпейді, сүзілмейді, бұл энтеровирустардың көбеюі үшін қолайлы жағдай туғызады.
Субұрқақта шомылғаннан кейін жай ғана суық тиіп қана қоймай, сонымен қатар жіті ішек инфекциясы, конъюнктивит, энтеровирусты инфекциялар (мысалы вирустық серозды менингит), вирустық А гепатиті сияқты ауыр ауруларға шалдығу қаупі бар.
Үйсіз жануарлар мен құстар субұрқақтарда жүзуді ұнататынын да ұмытпаған жөн, олар да әртүрлі инфекциялардың тасымалдаушысы болуы мүмкін. Субұрқақта шомылғанды ұнататындар үшін құбырлар, сорғылар мен шамдар да қауіп төндіреді. Олар әртүрлі ауыр жарақаттарға себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар ток соғуы мүмкін.
Ауырып қалмас үшін келесі ережелерді сақтау қажет: ішу үшін тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды қолданыңыз; әр тамақ ішер алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін қатаң сақтаңыз; жемістер мен көкөністерді жемес бұрын оларды щеткамен мұқият жуып, содан кейін қайнаған сумен шаю керек; қауіпсіз судан дайындалған мұзды тұтыныңыз; түшкіргенде, жөтелгенде аузыңызды қолыңызбен, майлықпен, орамалмен жауып, қолыңызды мүмкіндігінше жиі жуыңыз; жазғы маусымда тек ресми рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз, шомылу кезінде суды жұтып қоймауға тырысыңыз; сырқаттанушылықтың жоғарылау кезеңінде бассейндерге, аквапарктерге барудан және ашық су айдындарында шомылудан бас тарту; тағам өнімдерін жеке тұлғалардан және сауда үшін белгіленбеген орындардан сатып алмау; ылғалды тазалаумен үй-жайларды үнемі желдетіп отырыңыз; сырқаттанып тұрған баланы балабақшаға және мектепке жібермеңіз.
Жетісу облысының сантарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметтері бойынша дайындалды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -