ЕАЭО-да ортақ аграрлық нарықты дамыту үшін жағдайлар жасалуда: Астана қаласы, 01 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ЕАЭО-да ортақ аграрлық нарықты дамыту үшін жағдайлар жасалуда

Бүгінгі таңда ЕАЭО елдері ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойма куәліктері туралы Келісімді ратификациялау бойынша жұмыс жүргізуде.

Қазақстанда бұл құжат ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында.

Келісім Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірушілеріне ЕАЭО елдерінде қойма куәлігінің кепілімен несие алуға, сондай-ақ қойма куәліктерін сату арқылы өз өнімдерін қашықтан сатуға жағдай жасайды.

Сондай-ақ, Қазақстанның бизнесі ЕАЭО елдерінде бар қойма инфрақұрылымы туралы мәліметтерге, оның ішінде қойманың атауы, түрі, сыйымдылығы, сақтау көлемі және орналасқан жері туралы ақпаратқа қол жеткізе алады.

ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттердің ішінен қойма куәліктерінің мұндай айналымы тек Қазақстанда (астық қолхаттары) жолға қойылғанын атап өту маңызды.

Мәселен, Қазақстанда заңнамалық деңгейде ауыл шаруашылығы өніміне қойма куәліктерінің - астыққа арналған астық қолхаттарының айналысы көп жылдық тәжірибесін ескере отырып, берілген қойма куәліктері бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік берудің нақты жүйесі құрылды.

Тиісінше, бүгінгі таңда қазақстандық тарап ЕАЭО елдеріне ауыл шаруашылығы өніміне қойма куәліктері бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жүйесіне қойылатын талаптарды әзірлеу кезінде Қазақстанның осы саладағы тәжірибесін негіз ретінде қабылдауды ұсынады.

Бұл шара ЕАЭО шеңберінде қойма куәліктерінің өзара танылуын және тұрақты айналымын, сондай-ақ оларды ұстаушылар үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, Келісім ережелері 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады. Осы уақытқа дейін ЕАЭО елдері қажетті ұлттық құқықтық актілерді қабылдап, қойма куәліктерін айналысқа шығару тәжірибесін жинақтауы қажет.

Тұтастай алғанда, Келісімді іске асыру қазақстандық өнімді ЕАЭО бойынша әріптес елдердің нарықтарына жылжытуға жәрдемдесетін болады, демек, Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуға оң әсерін тигізеді.

Ақпарат көзі: Министерство торговли и интеграции Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Бүгінгі таңда ЕАЭО елдері ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойма куәліктері туралы Келісімді ратификациялау бойынша жұмыс жүргізуде.

Қазақстанда бұл құжат ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында.

Келісім Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірушілеріне ЕАЭО елдерінде қойма куәлігінің кепілімен несие алуға, сондай-ақ қойма куәліктерін сату арқылы өз өнімдерін қашықтан сатуға жағдай жасайды.

Сондай-ақ, Қазақстанның бизнесі ЕАЭО елдерінде бар қойма инфрақұрылымы туралы мәліметтерге, оның ішінде қойманың атауы, түрі, сыйымдылығы, сақтау көлемі және орналасқан жері туралы ақпаратқа қол жеткізе алады.

ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттердің ішінен қойма куәліктерінің мұндай айналымы тек Қазақстанда (астық қолхаттары) жолға қойылғанын атап өту маңызды.

Мәселен, Қазақстанда заңнамалық деңгейде ауыл шаруашылығы өніміне қойма куәліктерінің - астыққа арналған астық қолхаттарының айналысы көп жылдық тәжірибесін ескере отырып, берілген қойма куәліктері бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік берудің нақты жүйесі құрылды.

Тиісінше, бүгінгі таңда қазақстандық тарап ЕАЭО елдеріне ауыл шаруашылығы өніміне қойма куәліктері бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жүйесіне қойылатын талаптарды әзірлеу кезінде Қазақстанның осы саладағы тәжірибесін негіз ретінде қабылдауды ұсынады.

Бұл шара ЕАЭО шеңберінде қойма куәліктерінің өзара танылуын және тұрақты айналымын, сондай-ақ оларды ұстаушылар үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, Келісім ережелері 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады. Осы уақытқа дейін ЕАЭО елдері қажетті ұлттық құқықтық актілерді қабылдап, қойма куәліктерін айналысқа шығару тәжірибесін жинақтауы қажет.

Тұтастай алғанда, Келісімді іске асыру қазақстандық өнімді ЕАЭО бойынша әріптес елдердің нарықтарына жылжытуға жәрдемдесетін болады, демек, Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуға оң әсерін тигізеді.

Аймақтағы жаңалықтар