Екі астаналық азамат Ақбұлақ өзенінде суға батып бара жатқан балаларды құтқарып қалды
2024 жылғы 3 қарашада Амман көшесі, 14 мекенжайындағы "Мечта" сауда үйінің жанында Ақбұлақ өзенінің маңында қайғылы оқиға бола жаздады. Жағадан балық аулаған 2014 және 2013 жылы туған екі бала абайсызда өзенге құлады.
Бұл жағдайды байқап қалған куәгерлер Арсланбек Мағзұм (Астана қаласы мәслихатының депутаты, Астана қаласы "AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" ЖК филиалының төрағасы) және Роман Стратонов осы сәтте абдырап қалмай, қауіп-қатерге қарамастан, суға секіріп түсіп, балаларды қауіпсіз жерге шығарды. Дерек жедел медициналық жәрдем шақырып, зардап шеккен балалар кәсіби мамандардың қолына берілді.
Бұл жағдай – осындай сындарлы сәттерде жылдам әрекет жасаудың қаншалықты маңызды екендігінің айқын белгісі, сонымен қатар кез келген сәтте көмек көрсетуге дайын адамдардың батылдығы мен адалдығының жарқын көрнісі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -