Ел аумағына 6,5 млн қорап темекіні заңсыз өткізудің жолы кесілді
ҚР ҚМА қызметкерлері көлік прокуратурасын үйлестірумен, ҰҚК Шекара қызметі және Маңғыстау облысының МКД қатысуымен Кедендік бақылау аймағынан тыс жасырын өтіп, Түрікменстан аумағынан әкелінген контрабандалық темекі партиясын ұстады.
6,5 млн қорап темекінің кедендік құны 1,5 млрд теңгені, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар 1,8 млрд теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша экономикалық контрабанда бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.
Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.
Анонимділікке кепілдік беріледі.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -