Елордада Ұлттық музейідің ғимаратында шартты өрт жойылды
Астана қаласы ТЖД өрт сөндірушілері «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» ғимаратында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Оқу-жаттығудың барысында ауданы 200 шаршы метр шартты өрт жойылып, 200-ге жуық келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды және екі адам құтқарылды.
Мұндай жаттығулардың мақсаты адамдардың жаппай келетін орындарда өрт сөндіру әдіс-тәсілдерін қолдану, жеке құрамның біліктілігін тексеру, ғимарат пен өрт сөндіру жетекшілерінің міндеттемелерін айқындау болып табылады.
Жаттығуға елордадалық ТЖД жеке құрамының 37 адамы мен 6 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -