Елордада Сығанақ көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Жол төсеміне орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты Айтматов көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскедегі Сығанақ көшесінде қозғалыс ішінара шектеледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Көшені жабу осы жылдың 13-28 шілде аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл ретте көлік құралдарының қозғалысы бір бағытта жүзеге асырылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -