Елордада ЖЭО қызметкері қарапайым жұмысшыдан жылу электр орталығының машинисіне дейін көтерілді
2025 жыл Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланып, қазір осы сала мамандарына көп көңіл бөлініп жатыр. Елордалық ЖЭО-2 қызметкерлері қаланы үздіксіз жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін күн сайын тоқтаусыз еңбек етіп жүр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
ЖЭО-2 құрамына кіретін «Астана-Энергия» АҚ 2000-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Компания кәсіпорындары елорданы тәулік бойы жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
Елордалық ЖЭО-2 қазандық жабдықтарының операторы Асхат Жандәулеттің айтуынша, ол «Астана-Энергия» АҚ-да 10 жылдай жұмыс істейді.
«Қарапайым жұмысшы болып жұмысқа орналасып, машинистке дейін көтерілдім. Қазір аға инженер ретінде тағылымдамадан өтіп жүрмін. Әр жұмыстың қиындығы болады, біздің жұмысымыз өте жауапты, оның ішінде кәсібилік пен еңбекқорлық ерекше маңызды. Биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғанына қуанып жүрміз», – дейді Асхат Жандәулет.
Елордалық ЖЭО-2-нің бас инженері Нұртілек Тасатхан слесарь, дәнекерлеуші, шолушы, электромонтер, турбина, қазандық машинисі, теміржолшылар және т.б. жұмысшы мамандықтар жабдықты пайдалануға және дұрыс жағдайда ұстауға зор үлес қосатынын атап өтті. Оның үстіне олар елорданы жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
«Президент жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Бұл жұмысшы мамандардың беделін арттырып, көлеңкеде қалатын саланың мәртебесін арттырады деп ойлаймын. Олар энергетика мен өңдеу өнеркәсібінде басты рөл атқарады. Биылғы шаралар арқылы жұмысшы мамандардың еліміздің дамуына қосқан үлесі кеңінен насихатталмақ. Мәселен, соңғы жылдары ұстаздарды қолдау, олардың мәртебесін көтеру бағытында біршама жұмыс атқарылды. Соның әсерінен көптеген жастар мұғалім болғысы келді. Менің ойымша, біз де жұмысшы мамандарды танымал ете аламыз», - деді Нұртілек Тасатхан.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -