Astana International University ғарыш және жоғары технологиялар саласындағы инновациялық жобалардың авторлары үшін магистратураға арнайы гранттар жариялады
Digital Almaty 2025 форумында Astana International University университетінің президенті Серік Ирсалиев космос және жоғары технологиялар саласындағы инновациялық жобалар авторларына магистратураға шектеусіз гранттар бөлінетінін мәлімдеді. Бұл – талантты ғалымдар мен стартаптар үшін өз идеяларын жүзеге асыруға және Қазақстанның технологиялық дамуына үлес қосуға зор мүмкіндік.
Серік Ирсалиевтің айтуынша, AIU гранттық бағдарламасы студенттер мен зерттеушілерге бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Бұл – тек оқу жолында қолдау ғана емес, сонымен қатар жасанды интеллект, космостық технологиялар және тұрақты даму сияқты салалардағы амбициялық жобаларды жүзеге асыруға арналған алаң.
«Astana International University болашаққа бағытталған инновациялық идеялар авторларын қолдауға дайын. Біз космос саласындағы инновациялық жобалар үшін шектеусіз грант ұсынамыз. Бұл гранттар оқу ақысын, техникалық және ғылыми қолдауды, спутниктерді әзірлеу мен деректерді талдау үшін зертханалар мен заманауи жабдықтарға қолжетімділікті қамтиды. Біз сіздердің жобаларыңызды идеядан бастап жүзеге асыруға дейін қолдаймыз, амбициялық армандарыңызды нақты жетістіктерге айналдыруға көмектесеміз», – деді ол.
R&D «Индустрия 4.0» орталығы – болашақтағы еліміздің дамуында маңызды рөл атқаратын технологияларды әзірлеуде. Цифрлық қосымшалар, ақылды қалалар және наноспутниктер сияқты жобалар арқылы AIU ғылымды, бизнесті және мемлекеттік бастамаларды біріктіруде жаңа экожүйе құрып жатыр.
Стартаптар мен жас ғалымдарға өз жобаларын жүзеге асыру үшін акселерациялық бағдарламаларға қатысу, халықаралық тәжірибеге қол жеткізу және заманауи зертханалар мен жабдықтармен жұмыс істеу мүмкіндіктері беріледі.
AIU гранттары – бұл тек магистратураға түсу мүмкіндігі емес, сонымен қатар наноспутниктерді жасау, цифрлық қосымшалар әзірлеу, жасанды интеллект және аддитивті технологиялар саласында инновациялар жасау үшін ең озық зертханаларға жол ашады.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны: 8 708 756 45 10.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -