ENERGO UNIVERSITY БОЛАШАҚ КАМПУСЫНЫҢ ОРНЫНДА УАҚЫТ КАПСУЛАСЫ ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
ENERGO UNIVERSITY БОЛАШАҚ КАМПУСЫНЫҢ ОРНЫНДА УАҚЫТ КАПСУЛАСЫ ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Алматы облысының Қаскелең қаласында Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) болашақ кампусының орнында уақыт капсуласын орналастырудың ресми рәсімі өтті.
Рәсімге ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, Алматы облысының басшылығы, Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығының өкілдері, университет ректоры Ғани Нығыметов және Нью-Йорк кино академиясының (New York Film Academy) Президенті Майкл Янг қатысты.
Қаскелеңдегі жаңа кампус – бұл Алматы энергетика және байланыс университетінің «Future University» жобасы. Жоба аясында ауданы 60 мың шаршы метр болатын екі оқу ғимаратын, сондай-ақ 6 мың орны бар жатақхананы салу жоспарлануда. Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 100 млн АҚШ долларын құрайды.
Университеттің кейбір факультеттері Алматыдан жаңа аумаққа ауыстырылады деп болжануда. Бұл мегаполистегі студенттердің ағынын азайтуға әсер етеді және Energo University-ді инженерлік-техникалық білім мен шығармашылық бағыттарды біріктіретін «Болашақ университетіне» айналдыру мен дамытудың бастапқы нүктесі болады.
«Қазіргі уақытта біз жылу-электр энергетикасы, автоматтандыру, IT, телекоммуникация және ғарыштық инженерия үшін кадрларды даярлауға маманданамыз. Future University жаңа кампусының ашылуы ЖОО-ға қолданыстағы білім беру бағдарламаларын жаңғыртып қана қоймай, сонымен қатар жаңартылатын энергетика, атом энергетикасы, жасыл және климаттық технологиялар, жасанды интеллект, робототехника, кино, анимация және ойындар сияқты жаңа бағыттарда өңірде ғылыми-білім беру көшбасшысы болуға мүмкіндікті береді», - деді Energo University ректоры.
Университет әлемдік көшбасшы – Нью-Йорк кино академиясымен серіктестікте жаңа бағыттар мен мамандықтарды дамытуға ниетті. Осы күні университеттің болашақ алаңында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Мұнда тағы бір стратегиялық серіктес – Сүлейман Демирель университетімен келісімге қол қойылды.
Жаңа кампус осы білім беру мекемесіне жақын орналасады, бұл екі жоғары оқу орнын байланыстыруға және студенттер мен оқытушылармен алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу, сондай-ақ ортақ инфрақұрылымды пайдалануға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру үшін құрылтайшылар қажетті жер телімдерін сатып алды, жобалау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс мерзімі шамамен 2-3 жылды құрайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -