Есіктерді сындырып, көліктерді бүлдірді: Астанада кезекті жанжалқойлар жазаланды
Астанада вандализм мен қоғамдық тәртіпті бұзудың кез келген көріністерімен күрес күшейтілуде. Полицейлер вандалдарды анықтап, оларды жауапқа тартады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Сонымен, 22 шілдеде түстен кейін Балқантау көшесіндегі қонақ үй бөлмесінде 32 жастағы ер адам алдыңғы есікті сындырып, тепкілей бастаған. Майлин көшесіндегі ойын-сауық орындарының біріндегі тағы бір жанжалқой мас күйінде дәретханаға зақым келтірген. Ол өзінің іс-әрекетімен иелеріне 200 мың теңгеге материалдық шығын келтірді. Тағы бір жағдайда, 46 жастағы ер адам Мәңгілік ел даңғылының бойындағы үйдің тұрағында тұрған көліктің артқы маңдайша әйнегіне, дөңгелегіне зақым келтірді.
Барлық бұзушылар анықталып, ұсталды. Әрқайсысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада «Stop, вандал!» акциясы өтіп жатыр. Аталған акцияны еріктілер, белсенділер, белгілі спортшылар, ҮЕҰ өкілдері, қала тұрғындары, аудандық әкімдіктер мен қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, мәслихат депутаттары қолдады.
Акция аясында қалада күндізгі және түнгі рейдтер, сондай-ақ тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау және қала мүлкіне ұқыпты қарау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Жыл басынан бері сот бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені, жалпы аумақтарды ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін 145 адамды жазалады.
Олардың барлығы жауапқа тартылды. Вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -