Еуроюстпен ынтымақтастық мүмкіндігі туралы ЭЫДҰ СЖҚЖ тренингінде талқыланды – Антикор
ЭЫДҰ Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісінің (СЖҚЖ) сарапшылары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері үшін «Жемқорлық қылмыстарды анықтау және тергеу: заманауи және үздік тәжірибелер» тренингін өткізді.
Тренингке Агенттіктің жедел-тергеу блогының қызметкерлері, ЭЫДҰ СЖҚЖ өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысты.
Іс-шара барысында Литваның арнайы тергеу қызметінің мониторинг және үйлестіру бөлімінің өкілдері қызметкерлерді жемқорлық құқық бұзушылықтарды тергеудің озық құралдары мен әдістерімен таныстырды.
Сондай-ақ, жоғары лауазымды жемқорлықты анықтау бойынша сессиялар өткізілді, жанама дәлелдеу әдістерімен, тергеу құралдары таныстырылды, сондай-ақ сарапшылар ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимылдағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Тренингтің басқа күні қылмыстық істер бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелеріне арналды, оның барысында спикерлер трансшекаралық жемқорлық қылмыстар бойынша бірлескен тергеу топтарын пайдалану, активтерді қайтару және қазақстандық құқық қорғау органдары үшін Еуроюстпен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Сонымен қатар бағдарламада практикалық сабақтар мен нақты жағдайларды талқылау қарастырылған.
Жыл соңына дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында халықаралық кездесулер мен семинарлар өткізу жоспарлануда.
______
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -