Фейк жасап, өздерін мемлекеттік органдардың басшысы ретінде таныстырады: полиция астаналықтарға алаяқтар туралы ескертті
Астана қаласының Полиция департаментінде алаяқтардың мессенджерлерде жалған аккаунттар құрып, өздерін мемлекеттік, квазимемлекеттік және басқа да ірі коммерциялық мекемелердің басшылары ретінде таныстырып, адамдарды алдап соғатынын айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Осылайша, құқық қорғау органдарының атынан ұйымдардың қызметкерлеріне сырттан тексеру жүргізілетіні туралы хабарланады.
«Алаяқтық схемаға сәйкес, олар өздерін ҰҚК қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, олардың банктік шоттары арқылы террористік ұйымдарды қаржыландыру фактісі анықталғанын хабарлайды, содан кейін қорқыту арқылы ақшаны банк шоттарына аударуды немесе қолма-қол ақшаны құқық қорғау органдарының қызметкерінің қолына беруді сұрайды. Осыған байланысты азаматтардан абай болуды, белгісіз абоненттік нөмірлермен диалогқа түспеуді, сондай-ақ ешбір жағдайда белгісіз банктік шоттарға ақша аудармауды және бөгде адамдарға бермеуді сұраймыз. Барлық күдікті фактілер туралы дереу полицияның «102» нөміріне хабарлауды сұраймыз», - делінген ПД хабарламасында.
Айта кетейік, биыл елорда аумағында 2500-ден астам интернет-алаяқтық тіркеліп, 505 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.
Азаматтарға келтірілген залал 2 млрд теңгеден асады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -