Финляндияның геологиялық қызметімен кездесу
Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Финляндияның Геологиялық қызметінің бас директоры Қ.Тиілікайненмен кездесті.
Вице-министр алғашқы сөзінде Қазақстан Республикасындағы экология мәселелеріне, жаңа экологиялық кодекс, ең үздік қолжетімді техникаларды енгізу, геологиялық барлау мәселелері бойынша экологиялық заңнамаға түзетулер енгізу, сондай-ақ ЖЭО қалдық қоймалары мен күл қождарындағы ахуал туралы егжей-тегжейлі тоқталды.
Озық технологияларды енгізу Қазақстанда тау-кен өндіру секторының орнықты дамуы үшін оның тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және орнықты дамудың қазіргі заманғы стандарттарына сәйкестігіне ықпал ететін негізгі фактор болады.
Осыған байланысты, Жомарт Әлиев Қазақстанға Финляндияның Экологиялық реттеу саласындағы тәжірибесі, атап айтқанда, екі елдің қатысуымен семинарлар, халықаралық кездесулер мен оқыту іс-шараларын ұйымдастыру арқылы қызығушылық танытатынын атап өтті. Сондай-ақ, пайдалы компоненттерді экономикалық тиімді мазмұнға шығаруға мүмкіндік беретін қалдықтарды қайта өңдеу технологиялары қызықты.
Сонымен қатар, Ж. Әлиев фин тарапымен ҚР-дағы кәсіпорынның қалдық қоймаларының бірінде пилоттық жоба ұйымдастыруды ұсынды.
Өз кезегінде фин тарапы бұл бастаманы қолдап, мәселені сараптамалық деңгейде пысықтауға дайын екендігін мәлімдеді.
Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -