Funny Sport: Астанада қызықты ойындар ұйымдастырылады
Елордада «Су әлемі» іс-шарасы ұйымдастырылып, онда су ататын ойыншықтан арнайы ойындар өткізіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара орталық саябақта 27 шілдеде сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін өтеді. Кез келген қала тұрғыны қатыса алады.
Өтетін орны: «Қазақстан күні» монументі (сағат), орталық саябақ.
Айта кетейік, спорттық және ойын-сауық іс-шараларының марафоны 25 тамызға дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде Green Case ұйымдастырушыларының мынандай жоспарлары бар: аула ойындары, йога пикниктері, итпен жүгіру, стритбол турнирі, велосипед жарысы, арқанмен секіру турнирі, жас аналардың арбамен шеруі және Ботаникалық бақта құс ұяларын салу.
Осылайша:
- 27 шілдеде сағат 14:30-дан 16:30-ға дейін Орталық саябақта ашық ауада ойыншық тапаншадан су ату өткізіледі.
- 28 шілдеде триатлон саябағында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін funnystep-тің барлық стиліндегі би шайқасы өтеді, ол ең жақсы бишілердің басын қосады.
- 3 тамызда Жетісу саябағында аула ойындары өтеді.
- 4 тамызда Пирамидада кәсіби йога нұсқаушысының шеберлік сабағымен пикник ұйымдастырылады.
- 10 тамызда триатлон паркінде стритбол турнирі өтеді.
- 11 тамызда ЭКСПО-да арқанмен секіру турнирі өтеді.
- 17 тамызда DOGS марафоны өтеді – жағалауда итпен жүгіру.
- 18 тамызда HaileyBerry мектебінің жанындағы жағалауда DJ-мен велосипед жарысы өтеді.
- 24 тамызда Ботаникалық бақта аналар шеруі өтеді.
- 25 тамызда Ботаникалық бақта ересектер мен балалар «Астана – үлкен ортақ үй» іс-шарасы аясында құс ұясын салады.
Барлық іс-шара елорданың белсенді өмір салтын ынталандыруға және спорт мәдениетін дамытуға бағытталған «Астана қозғалыста» бағдарламасы бойынша өтуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -