Funny Sport: Елордалық Ботаникалық бақта «Кемпинг» ұйымдастырылады
Funny Sport жобасы аясында 4 тамызда елордадағы Ботаникалық бақта «Кемпинг» ұйымдастырылады. Іс-шара аясында таза ауада йога сабағы өткізіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараға қатысушылар үшін әйгілі GetFit фитнес-студиясының кәсіби жаттықтырушысының жетекшілігімен ашық ауада йога сабақтары ұйымдастырылады.
Бағдарламада сонымен қатар талантты DJ және танымал Bonapart әртісі ерекше музыкалық қойылымдармен мерекенің сәнін келтіреді. Іс-шара 18:00-де басталып, 21:00-ге дейін жалғасады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -