ГАЗДАНДЫРУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕГІ СӘТТІ ІСКЕ АСУДА
Жезқазғандағы 91-94 орамдардың, Батыс және 7-8 шағынаудандарының алғашқы абоненті көгілдір отынды пайдалануды бастады. Бұл - Ұлытау облысының орталығын газдандырудың екінші кезегі.
Күрделі жұмыс жалпы үш кезектен тұрады.
Біріншісі: Талап, Қабанбай, Бөгенбай батыр шағын ауданын
Екіншісі: Қостангелді, Бекболатсай, Батыс шағын аудандары мен 91-94 орамдар
Үшіншісі: Жезқазған қаласының 66-84 және 4-6 орамдарын газбен қамтамасыз ету.
Қазіргі күні өңірде жалпы саны 3654 үйге арналып газ желісі тартылса, соның 1000-ға жуығы көгілдір отынның қызығын көруде. 91-94 орам мен батыс ауданның өзінде 1711 үйге желі жеткізілген. Сол себепті тұрғындарды көгілдір отынға қосылуға шақырамыз!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -