ХҚКО-ның көшпелі менеджері: қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ ала алады
Енді қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтерді алу үшін ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ. Олар халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін үйге шақыруға мүмкіндік беретін жаңа қызметті пайдалана алады. Маман белгіленген уақытта көрсетілген мекен-жай бойынша келеді.
ХҚКО-ның көшпелі қызметкерлері паспорт, жеке куәлік, жүргізуші куәлігі мен көлік құралдарын тіркеуден басқа кез келген мемлекеттік қызметті көрсете алады.
Сервисті пайдалану үшін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында "Жеке менеджерді үйге шақыру" қызметін таңдап, содан кейін қажетті мәліметтерді толтыру қажет. Сондай-ақ өтінімдер 1414 нөмірі бойынша қабылданады. "Азаматтарға арналған үкімет" қызметкерлері мәліметтерді нақтылау және шығу уақытын анықтау үшін көрсетілетін қызметті алушымен байланысады.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекеттік корпорация дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу жобасын да іске асырған болатын. Қазіргі уақытта 144 Мемлекеттік қызмет бойынша құжаттар жеткізіледі. Олардың ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, жер учаскелеріне актілер, апостиль қойылған құжаттар, мұрағаттық анықтамалар беру қызметтері де бар.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -