Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты (Қазақстан) мен Inrap (Франция) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды: Астана қаласы, 06 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты (Қазақстан) мен Inrap (Франция) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты (Қазақстан) мен Inrap (Франция) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты (Қазақстан) мен Inrap (Франция) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты (Қазақстан) мен Inrap (Франция) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аясында ҚР ҒЖБМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен француздың Inrap Ұлттық превентивті археологиялық зерттеулер институты арасында археология саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл институт (https://www.inrap.fr/) Францияда және оның шетелдік аумақтарындағы құрылыс алаңдарында археологиялық ескерткіштерді анықтауды және зерттеуді қамтамасыз етеді.

  Қазақстанда құрылыс жұмыстары мен жер қойнауын игеру бағытында тұрақты түрде көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Еліміздің заңнамасында игерілетін аумақтарда тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауды қамтамасыз ететін бірқатар іс-шаралар көзделген. ҚР ҒЖБМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты ғылыми-әдістемелік аппаратты жетілдіру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізуде, нормативті-құқықтық базаны жаңартуға атсалысуда. Бұл бағыттағы жұмыстар аясында шетелдік тәжірибені негізге алған жөн. Францияның превентивті археология моделі археологиялық мұраны сақтау ісінде мемлекет, бизнес және қоғамның өзара ынтымақтастығының жарқын үлгісінің көрсеткіші болып саналады.

  Екі елдің археологтары археологиялық жұмыстарды реттеу, ескерткіштердің электрондық дерекқорын қалыптастыру, жаппай археологиялық материалдарды сақтауды ұйымдастыру секілді өзекті мәселелер бойынша ынтымақтастықты дамытуды жоспарлауда. Келісім аясында игеріліп жатқан аумақтардағы археологиялық ескерткіштерді сақтау бойынша әдістемелік кеңестер беру, технологиялармен алмасу және екі институт мамандарының бірлесіп, ғылыми жобаларды жүзеге асыруы көзделуде.



Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты (Қазақстан) мен Inrap (Франция) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды <p align="justify">  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аясында ҚР ҒЖБМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен француздың Inrap Ұлттық превентивті археологиялық зерттеулер институты арасында археология саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл институт (https://www.inrap.fr/) Францияда және оның шетелдік аумақтарындағы құрылыс алаңдарында археологиялық ескерткіштерді анықтауды және зерттеуді қамтамасыз етеді.</p> <p align="justify">  Қазақстанда құрылыс жұмыстары мен жер қойнауын игеру бағытында тұрақты түрде көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Еліміздің заңнамасында игерілетін аумақтарда тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауды қамтамасыз ететін бірқатар іс-шаралар көзделген. ҚР ҒЖБМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты ғылыми-әдістемелік аппаратты жетілдіру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізуде, нормативті-құқықтық базаны жаңартуға атсалысуда. Бұл бағыттағы жұмыстар аясында шетелдік тәжірибені негізге алған жөн. Францияның превентивті археология моделі археологиялық мұраны сақтау ісінде мемлекет, бизнес және қоғамның өзара ынтымақтастығының жарқын үлгісінің көрсеткіші болып саналады.</p> <p align="justify">  Екі елдің археологтары археологиялық жұмыстарды реттеу, ескерткіштердің электрондық дерекқорын қалыптастыру, жаппай археологиялық материалдарды сақтауды ұйымдастыру секілді өзекті мәселелер бойынша ынтымақтастықты дамытуды жоспарлауда. Келісім аясында игеріліп жатқан аумақтардағы археологиялық ескерткіштерді сақтау бойынша әдістемелік кеңестер беру, технологиялармен алмасу және екі институт мамандарының бірлесіп, ғылыми жобаларды жүзеге асыруы көзделуде.</p>

Аймақтағы жаңалықтар