Хабарлама 2024 жылға арналған "Бронх демікпесі " ауруы бойынша дәрілік затты сатып алуға тендерлік өтінімдерді ұсыну мерзіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарлама
2024 жылға арналған "Бронх демікпесі " ауруы бойынша дәрілік затты сатып алуға тендерлік өтінімдерді ұсыну мерзіміне өзгерістер енгізу туралы
"Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 2-тарауының 1-параграфының 45-тармағын басшылыққа ала отырып, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, фармацевтикалық қызметтер жүйесінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 07 маусымдағы № 110 бұйрығымен бекітілген "2024 жылға арналған "бронх демікпесі" ауруы бойынша дәрілік затты сатып алу жөніндегі тендер" хабарландыруына 27.05.2024 жылғы № 69-Ө бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізеді.
"Құрбан айт" күнін мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 17 маусымда өтінімдерді қабылдау күнтізбелік күннің 1 күніне (2024 жылғы 18 маусым) ауыстырылады.
Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін тендерді ұйымдастырушыға тендерлік құжаттамаға сәйкес жасалған тендерлік өтінімді мөрленген түрде ұсынады. Тендерлік өтінімдер тендерді ұйымдастырушыға қолма-қол немесе почта арқылы ұсынылады: 2024 жылғы 18 маусым сағат 10.30-ға дейінгі мерзімде, Павлодар қаласы, Астана көшесі 59, 4 қабат, 415 каб..
Тендерлік өтінімдері бар конверттерді тендерлік комиссия 2024 жылғы 18 маусым сағат 12.30-да Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59 4 қабат 415 каб мекенжайы бойынша ашады.
Басқарма басшысының м.а. С. Арыстанова
Орын.: Бакиров ЕС
Тел.: 8 (7182) 320075
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -