«Халық» қайырымдылық қоры Ақтөбе облысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға ниетті
Бүгін, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров пен «Халық» қорының директоры Сағынбек Шункеев ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Облыс әкімі бұл ынтымақтастықтың табысты болатынына сенім білдіріп, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда жоғары нәтижеге жетудің маңызы зор екенін айтты.
Құжат аясында халықтың, оның ішінде өңір жастарының өмір сүру сапасын жақсарту, табысын арттыруға бағытталған әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды іске асыру көзделіп отыр.
Қор тарапынан тұрғындарды жұмыспен қамту және кәсіп ашу мәселелері бойынша кеңес беріп, білім беру қызметтерін көрсететін «JymysTap» жобасы қолдау таппақ.
Айтып өтейік, ҚР Премьер-министрі О.Бектеновтің тапсырмасына сәйкес, «JymysTap» жобасын бастау биылғы жылдың тамыз айының алғашқы онкүндігіне жоспарлануда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -